Тауарды өндірушінің бағасымен алыңыз
Abyroikz. компаниясы Алматы және Астана қалаларында ерлерге арналған ұлттық киімдердің талғамға сай түрлерін қол жетімді бағада ұсынады. Біздің ісмер мамандар ерлерге арналған ұлттық киімдердің қайталанбас түрлерін өз тігін шеберханамызда өндіріп, сіздің қуанышыңызға арнайды. Біздің дүкендерімізден ерлерге арналған ұлттық киімдердің төмендегідей түрлерін таба аласыз:
– Шапан. Толығымен қолдан тігілген. Тігісі 3D-технологиямен орындалып, зерлі жіппен кестеленген (алтын, күміс түстес). Матасы: Хан велюрі. Түсі: қоңыр, тапсырыс берушінің талғамына сай таңдауға да болады. Жағасы қара күзең терісінен жасалған. Бас киімі – Бөрік.
– Нар шапан. Толығымен қолдан тігілген ерлер шапаны. Тігіс түрі: тамбур. Матасы: Велюр. Түсі: қоңыр
– Шапан. Толығымен қолдан тігілген ерлер шапаны. Қарапайым оюмен зерделенген (қара күзең жағасынсыз). Оюы зерлі жіппен көмкеріліп, талғамға сай өрнектелген. Матасы: Хан велюрі. Түсі: қара-көк, тапсырыс берушінің сұранысы бойынша таңдауға да болады. Бас киімі – Қалпақ.
– Ерлер кабинеткасы. Толығымен қолдан тігілген. Матасы: хан велюрі, барқыт, спандекс. Түсі тапсырыс берушінің талғамына сай таңдалады. Тігісі (қалтасы, жеңі) тапсырысқа сай орындалады (тамбур, гладь, зерлі жіппен және т.б.). Өте сәнді әрі денеге қонымды.
Ерлерге арналған ұлттық киімдер жыл өткен сайын сәнге айналып келеді. Сол себепті ұлттық киімдердің заманауи үлгіде тігілген түрлері сұранысқа ие. Оны күнделікті өмірде, тойларда, туған күндерде, мерекелік шараларда киеді. Дұрыс таңдалып, жақсы тігілген шапанды сыйлы адамыңызға құрмет көрсетіп берсеңіз – абыройыңыз артпақ.
Abyroikz компаниясы ерлерге арналған сапалы, ұлттық нақыштағы шапандардың түрлерін Алматы және Астана қалаларындағы дүкендер желісінде ұсынады. Сонымен қатар өзге де өңірлерге жеткізу қызметі жұмыс істейді. Біздің өнімдерімізге Шымкент, Атырау. Ақтау, Ақтөбе. Қарағанды, Тараз және Қазақстанның т.б. қалаларынан да хабарласып, тапсырыс береді.
Біз тапсырыс берушілерге сатып алудың төмендегідей жолдардын ұсынамыз:
1. Дайын ерлерге арналған ұлттық ерлер киімін Алматы және Астана қалаларындағы дүкендерімізден сатып алу.
2. Ерлерге арналған ұлттық киімдерді жеке тапсырыс бойынша тігу. Біздің мамандар ұлттық ерлер киімінің дизайнын, матасын, тігісін сіздің талғамыңызға сай дайындап береді.
3. Ерлерге арналған ұлттық киімдерді бізден жалға алу. Әрбір мерекеге сай ұлттық киім үлгісін бізден жалға алуыңызға болады.
Ерлерге арналған ұлттық киімдерді сатып алғыңыз келсе, бізге хабарласыңыз. Біздің менеджерлер сіздің сұранысыңыз бойынша таңдауға көмек көрсетеді.