Тігіншіні үйге немесе кеңсеге шақыру

Тауарды өндірушінің бағасымен алыңыз

Алматы қаласы бойынша көшпелі тігінхана – бұл тігіншіні үйге немесе кеңсеге шақыру қызметі. Біздің үлкен қала үшін бұл өте ыңғайлы әрі тиімді. «Абыройкз» тігін шеберханасы сіз өз уақытыңызды жолғалтпас үшін, бізге жету үшін кептелісте тұрмауыңыз үшін өзіңізге ыңғайлы уақытта ыңғайлы жерге тігіншіні шақыру қызметін ұсынады. Бұл сіз үшін тиімді болмақ. Өйткені сіз өзіңіздің жұмысыңызбен айналысып жүріп-ақ жеке тапсырыспен киім тіктіре аласыз.

Әдетте мерекелік шаралар үшін немесе кеңсеге арналған іскерлік дресс-код үшін тапсырыспен арнайы киім тіктіреді. Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да тігін шеберханасына келіп, өлшемін тастап, тігіске тапсырыс беру үшін көпшілігінің уақыты бола бермейді. Мерекелік іс-шара өткізерде барлығы қарбаласып кететіні тағы бар. Бұндай кезде тігін шеберханасына арнайы барып көйлекке немесе костюмге тапсырыс бергің келмейтіні анық. Ал егер тігіншіні үйге шақыру қызметі болса, неге оны пайдаланбасқа? Сонымен қатар іскер адамдардың да бос уақыты жоқ. Егерде ателье қызметкерін іскерлік костюм тіктіру үшін кеңсеге шақыру мүмкіндігі туып тұрса, онда мұндай мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланған жөн.

«Abyroikz» тігін шеберханасы Алматы қаласының нарығына «көшпелі тігінхана» атты жаңа қызмет түрін енгізеді. Бұл қызмет түрі бойынша тігінші сіздің үйіңізге немесе кеңсеңізге өзі келіп қажетті өлшемдерді алып, сіздің қалауыңыз бойынша үлгілерді талқылап, жеке тапсырысыңыз дайын болғанда жеткізіп береді. Сіз ең алдымен уақытыңызды, ақшаңызды үнемдейсіз. Бұл қазіргі таңда біздің үлкен қала үшін аса қажет. Тігіншіні өзіңізге ыңғайлы жерге шақырғыңыз келсе бізге хабарласыңыз немесе жазыңыз! Сіз үшін жасалған жайлылық пен қамқорлыққа толы қызметімізді пайдалана аласыз!

Өтініш қалдырыңыз

Біз сізге жақын арада хабарласамыз

    +7 707-759-50-50