Abyroikz ұлттық киімдер дүкенінің өнімдері ең алдымен сапасымен ерекшеленеді. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылығымыздың, батырларға тән рухымыздың, ешкімге ұқсамайтын өр мінезіміздің сарқыттай сақталып келе жатқаны қуантады. Мен әрдайым өзіміздің ұлттық өнімдерді таңдаймын. Ережесіз жекпе-жекте рингке шыққанда киетін арнайы киімді Abyroikz-ке тапсырыс беремін.
Ардак Назаров
Ғұндардан қалған ғұрпымызды, сақтардан қалған салтымызды, түркіден келе жатқан жұртымыздың ерекшелігін сақтап, ұлттық болмысымызды танытып жүрген Abyroikz дүкенінің әрбір ұлттық киімінде біздің мәдениетіміз бен төл тарихымыздың терең де тылсым қасиеттері көрініс тапқан. Қазақ халқы қашанда ұлттық киімін қадір тұтқан. Әсіресе, өнер адамдары үшін ұлттық киімнің сәнді, қазақы өрнектерге бай, болмысыңды ашып тұруы маңызды.
Бекжан Тұрыс