от дизайна до готового результата
Алматы қаласы бойынша жеке талғамыңызға сай киім тігу – біздің шеберханамыздың ең таңдаулы қызметі. Өйткені, тапсырыс берушілер шеберхананың осы қызмет түрін жиі пайдаланады. Алматы қаласында тапсырыс бойынша киім тіктірсеңіз, сіз кешенді қызмет түрін пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз. Кешенді қызмет көрсету түрлеріне дизайнердің қызметі, пішу және тігу жұмыстары жатады және тапсырыс берген киіміңіздің дайын үлгісін аласыз. «Abyroikz» тігін шеберханасының тәжірибелі мамандары мен қазіргі заманға сай жабдықталған техникалары сіздің жеке тапсырысыңызды ойдағыдай тігіп шығаруға кепілі бола алады.
«Абыройкз» киім тігу шеберханасы көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Және сіздің талғамыңызға сай ауқымды қызмет түрлерін ұсынуға дайын. Оған ерлерге, әйелдерге, балаларға арналған киімдерді тігу; униформалар мен арнайы киімдерді тігу; спорттық формалар мен формалық киімдерді тігу; үйлену тойларға, ұзату тойларға, бітіру кештеріне және басқа да мерекелік шараларға арналған сәнді көйлектер кіреді. Алматы қаласы бойынша біздің «Abyroikz» тігін шеберханамыздан тапсырыспен киім тіктіруіңізге болады. Біздің шеберлердің арнайы сіз үшін тіккен киімдерін киіп өзгелерден дараланып, жарқырап тұрарыңызға сеніміміз мол. Жеке тапсырыспен киім тіктірген жағдайда өлшемі мен үлгісі жағынан ешқандай мәселе туындамайды. Өйткені тапсырыс бергеннен бастап дайын болғанға дейін барлық кезеңде бақылап отырасыз.
Жеке тапсырыс бойынша киім тігуді кәсіби тігіншілер заманауи технологиялық жабдықтармен жүргізеді. Сол себепті өз жұмысын жан жүрегімен істейтін біздің шеберлердің сапалы әрі талғамыңызға сай киім дайындап беретініне толығымен сенім білдіруіңізге болады. Бізге жазыңыздар, хабарласыңыздар! Сіз үшін жасаған жұмысымыздың нәтижесіне оң баға беруіңіз үшін бар күшімізді саламыз!