Жалға беру қызметін ұсынады

Тауарды өндірушінің бағасымен алыңыз

«Абыройкз» тігін шеберханасы Алматы қаласы бойынша талғамға сай киімдердің кең таңдауын тиімді бағамен жалға беру қызметін ұсынады. Біздің шеберханамыздан үйлену тойға арналған көйлектер мен костюмдерді, мерекелік және фотосессияларға арналған киімдерді, іскерлік костюмдер мен кешкі көйлектерді, қыз ұзатуға, туған күн кештеріне, тойларға арналған сәнді көйлектерді жалға алуларыңызға болады. Өз ісінің хас шеберлерінің қолынан шыққан киімдердің кез келгені сіздің көркіңізді өзгелерден ерекшелеп, меркеңіздің сәнін арттыра түсетініне сеніміміз мол.

«Абыройкз» тігін шеберханасы артық шығындалу мен тиімсіз сауда жасаудың алдын алып, Алматы қаласы бойынша киімдерді тиімді бағамен жалдау қызметін ұсынады. Бір күнге ғана кию үшін кешкі көйлек пен костюмді қымбат бағаға сатып алудың тиімсіз екенін өзіңіз де мойындайтын шығарсыз?! Қымбат бағаға сатып алғанмен оны күнделікті киіп жүрмегеннен кейін артық шығындалғаннан не пайда? Ең тиімді шешімі – қажетті киімді жалға алып, оны мерекелік кештен кейін қайта өткізу. Фотосессия кезінде де солай. Яғни, әр түрлі образда түскіңіз келеді, бірақ гардеробыңызды толықтыру үшін артық ақша шығындағыңыз келмейді. Мұндай жағдайда «Абыройкз» тігін шеберханасының көмегіне жүгініңіз! Біз сізге жалға берілетін киімдердің кең таңдауын ұсынамыз.

Алматы қаласы бойынша әйелдерге, ерлерге және балаларға арналған киімдерді жалға алуларыңызға болады. Бізден балабақшалар мен мектептердегі әр түрлі ертеңгіліктерге, мерекелерге орай балаларға арналған ұлттық киімдер мен мерекелік костюмдерді жиі алады. Өйткені әрбір ата-ана баласының мұндай ерекше күндерде жарқырап тұрғанын, әдемі киінгенін қалайды. Бірақ, әр мереке сайын жаңа костюмдер мен көйлектерді сатып алу отбасылық бюджетке айтарлықтай салмақ салады. Сол себепті, киімдерді жалға алу анағұрлым тиімді.

Егер сізге үйлену тойға арналған көйлектерді, мерекелік, ұлттық киімдерді Алматы қаласы бойынша жалға алу керек болса, бізге хабарласыңыздар. Сіздің сұранысыңыз бойынша таңдаған киіміңізді ұсынамыз.

Өтініш қалдырыңыз

Біз сізге жақын арада хабарласамыз

    +7 707-759-50-50