Кестелеудің барлық түрлері
Тауарды өндірушінің бағасымен алыңыз
Тауарды өндірушінің бағасымен алыңыз
Қазақ ұлттық киімі нарықтағы бағасынан төмен бағада өндіріледі. Оның барлығын біздің тігін шеберханамыздан таба аласыздар! Абырой.кз-те кез келген қолдан тігілген өнімді жібек, мақпал, велюр сияқты сапалы матада сатып алуға болады. Барлығын да тікелей өндірушіден табасыз. Ерлердің, әйелдердің, балалардың күнделікті және салтанатты жиындарға киетін киімдері ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген. Қолмен кестелеп тігу әдісі ең сапалы, әрі қымбат тігіс түріне жатады. Біздің Астана және Алматы қалаларындағы Абройкз компаниямыздан көздің жауын алатын өрнектермен безендірілген киімдерді оңай таба аласыз. Тігуге шыңдалған шеберлеріміз қанша уақыт өтсе де тозбайтын матадан кез келген өнімді дайындап беруге әзір! Сонымен кез келген логотипті кестелеп шығаруға болады.
ТолығырақКиімдерді кестелеу Алматы қаласында жоғары сападағы өндірістік машиналардың көмегімен жасалады. Заманауи өндірістік машина кез келген қиын өрнектің өзін матаға түсіріп береді. Логотиптердің бейнеленген күрделі суреттердің өзі анық, әрі сапалы шығады. Алматы және Астана қаласында киімдерді машина тігіспен өрнектеу компьютерлі машинамен жүргізіледі. Шеврондар және логотиптерді Алматы қаласында өрнектеу біздің саламыздағы ең қажетті бағыт. Сол себепті біз барынша сапалы етуге тырысамыз.
ТолығырақАлматы және Нұр-Сұлтан қаласында жалпақ тігісті кесте әдісімен компьютерлі тігіс сұранысқа ие. Ашық түсті, сапалы жіптер тігістің бұл түріне айрықша сән береді. Компьютерлі тігіс салтанатты костюмдерге түсіріліп, бас киімдері мен қосымша маталарға салынады. Абырой кз компаниясынан кез келген күрделі тігісті арнайы қондырғымен өз эскизіңіз бойынша дайындата аласыз. Біз Сізге мата мен оған сәйкес жіптерді таңдап береміз.
ТолығырақАлматы және Астана қалаларында Abyroikz компаниясынан біз кесте тігіске тапсырыс бере аласыздар. Тігістің бұл түрі өте әдемі көрінеді. Тігілу мәнері жағынан көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіліп, шынжыр формалары мен көлемі әр түрлі болып келеді. Бұрынғы кезде бізбен тігілгендіктен осылай аталған болу керек. Қазіргі кезде машинамен өрнектелген тамбурлы тігіс біз кестеден кем емес және костюмдерге қонымды, бірден көзге түседі. Abyroi.kz ең үздік өндірушілерден шыққан сапалы маталар мен жіптерді қолданамыз. Біздің қызметкерлеріміздің мол тәжірибесі мен асқан шеберлігінің арқасында кез келген дизайнның макетін жасап, аз уақыттың ішінде дайын киімді үстіңізден көре аласыз.
ТолығырақҚолмен алтын, күмістен қымбат бағалы заттар салып әшекейлеп зерлеп кестелеу түрі. Зерлеп мата бұлға атыңызды түсіру, оқа, ширатпа зер жіптермен немесе бисерлеу арқылы іске асады. Сіздің костюміңізді әрлеуге қажетінің барлығы бізде бар Алтын зерлі кестелеу ғасырлар бері ең қымбат тігіс түріне жатады. Оны дайындау үшін табиғи алтын және күміс жіптер пайдаланылған. Сол себепті бұл тігіс түрі бай-бағландардың киімінен табылған. Ою-Өрнекті алтындалған жіппен кестелеу, көбінесе қымбат көйлек шапандар, дәулетті әл-ауқатты адамдардың бас киімдері, бағалы түскиіздер, сәндік бұйымдары зер жіпптермен кестеленеді. Бүгінгі таңда біз Абырой кз компаниясы мерекелік костюмдерді әрлеу үшін жоғары сапалы, арнайы жіптерді қолданамыз.
Толығырақ