Қазақтың ұлттық
костюмдері мен сувенирлері

Астана 8 701 438 4649

Алматы 8 701 766 2877

Бідің тауарлар және қызметтер





Әйелдерге арналған ұлттық нақышта қол жетімді бағада ұсынылған киімдерді Abyroikz компаниясының Алматы және Астана қалаларындағы дүкендер желісінен таба аласыз. Біз ұлттық әйелдер киімінің күнделікті киюге арналған түрлерімен қатар мерекелік шараларға арналған ұлттық киім үлгілерін ұсынамыз. Нәзік жандыларға арналған ұлттық нақыштағы киімдерді біздің тәжірибелі шеберлер жоғары сапалы етіп дайындайды. Өз жеке тігін шеберханамыздың болуының арқасында қол жетімді бағада сапалы киім ұсынып қана қоймаймыз, сонымен қатар Алматы қаласында ұлттық киімдерге тапсырыс қабылдаймыз.

Әрбір халықтың ұлттық киім үлгісі өзінің қайталанбас дәстүрімен, ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Сол сияқты қазақ халқының да ұлттық үлгідегі киімі де өз ерекшелігімен дараланып тұрады. Қазақы үлгідегі киімдер береке мен жайлылықтың дәлелі ретінде ашық, қанық түстерге бай. Әйелдерге арналған киімдер әртүрлі түстермен көмкеріліп, көздің жауын алатын болған.

Біздің Abyroikz тігін шеберханамыз бен дүкендерімізде әйелдерге арналған ұлттық киімдердің сән салтанатқа толы, сапалы тігілген сан түрлері бар: бүрмелі көйлек, камзол, шапан, бешпент және т.б.

- Әйелдер шапаны: Ұлттық өрнекке бай, түсі қанық. Жағасы қара күзең терісімен немесе қарапайым үлгіде жасалған (ұзын, қысқа шапандар). Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша тігістің кез келген түрін қолдана аламыз (тамбур, гладь, зерлі жіппен және т.б.). Матасы: хан велюрі, барқыт және т.б.
- Камзол. Қолдан тігілген. Алтын жəне күміс зерлі жіппен өрнектеліп, маржан тастармен жəне түрлі түсті моншақтармен көмкерілген. Тапсырысқа байланысты «Swarowski» тастары да қолданылады. Матасы: велюр, барқыт. Қара күзен терісі пайдалынылған. 
- Пончо. Əйелдерге арналған. Қолдан тігілген. Тігісі: гладь, тамбур əдісі. Матасы: Хан велюрі. Пончоның түсі тапсырыс берушінің қалауына байланысты. Кез келген қыз-келіншектің болмысына сəн береді.
- Камзол. Əйелдерге арналған. Қолдан тігілген. Тігісі: тамбур, гладь. Матасы: хан велюрі, барқыт. Түсі тапсырыс берушінің талғамына сай таңдалып алынады.
- Əйелдерге арналған кешкі жəне той көйлектері. Мерекелік кештерге арналған көйлектер əдемілігімен, əсемдігімен ерекшеленеді. Сол себепті, кешкі көйлекті дұрыс таңдау үшін кейбір өзгешеліктерді ескеру керек. Бұл жағдайда біз сізге көмектесе аламыз. Бізге кез келген талғамға сай көйлектерге тапсырыс бере аласыз. Біздің компанияның ұлттық үлгіде тіккен әйелдер киімін Алматы және Астана қалаларындағы дүкеннен сатып ала аласыздар. Сонымен Қазақстан қалалары бойынша жеткізу қызметі жұмыс істейді. Біздің ұлттық үлгідегі әйелдер киімімізді Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды және т.б. қалалардан тапсырыс беріп, сатып алады.

Егер сіз ұлттық нақыштағы үйге арналған немесе түрлі мерекелік шараларға – той, қыз ұзату, бітіру кештері, корпоративтерге арналған киімдерге тапсырыс бергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз. Біздің менеджерлер сіздің сұранысыңыз бойынша таңдауға көмек көрсетеді.