Қазақтың ұлттық
костюмдері мен сувенирлері

Астана 8 701 438 4649

Алматы 8 701 766 2877

Бідің тауарлар және қызметтер





Abyroikz. компаниясы Алматы және Астана қалаларында қазақтың ұлттық бас киімдерін қол жетімді бағада ұсынады. Біздің дүкендерден қазақтың ұлттық бас киімдерінің ерлерге, әйелдерге, балаларға арналған сан алуан түрлерін таба аласыз. Біздің компанияның жеке тігін шеберханасы жұмыс істейді. Тігін шеберханасының мамандары ұлттық бас киімдерге жеке тапсырыс қабылдайды.

Қазақтың ұлттық бас киімдері түрлерінің сан алуандығымен ерекшеленіп келді. Қазіргі уақытта да ұлттық бас киім түрлері азая қойған жоқ. Тақия, қалпақ, бөрік, тымақ, сәукеле, кимешек – бұлар қазақтың танымал ерлер мен әйелдерге арналған бас киім түрлері. Олар қазіргі таңда қайтадан сәнге енген. Тойларға, құдалық, қыз ұзату, мектептегі іс-шараларға, мерекелік кештерге, концерттерге киюге болады. Түсі қанық, ашық бас киімдер көз қуантады.

Қазақтың ұлттық бас киімдері табиғи маталардан тігіледі, және де қолдан өрнектеледі. Сол себепті өте әдемі көрінеді. Тапсырыс бойынша тігу барысында сіз өз дизайныңызды ұсынуыңызға болады немесе кәсіби біліктілігі басым біздің ісмер шеберлерге сеніп тапсыруыңызға болады.

Abyroikz компаниясының ұлттық бас киімдерінің түрлерін Алматы және Астана қалаларындағы дүкендер желісінен сатып ала аласыз. Сонымен қатар өзге де өңірлерге жеткізу қызметі жұмыс істейді. Біз тігетін ұлттық бас киімдерге Шымкент, Атырау. Ақтау, Ақтөбе. Қарағанды, Тараз және Қазақстанның т.б. қалаларынан да хабарласып, тапсырыс береді. Егер сіз ұлттық нақыштағы, сапалы бас киімдерді сатып алғыңыз келсе, бізге хабарласыңыз немесе жазыңыз. Біздің менеджерлер сізге кеңес беріп, тауарды рәсімдеуге көмектеседі.